Қаскелеңде жастар маска тігіп, тегін таратты
Primary tabs
Бейсенбі күні аудан орталығы Қаскелең қаласында жастар халыққа тегін бетперде таратты, деп хабарлайды Kaskelenkz.
Махамбет, Гаухар және Ерсұлтан көршілес Жамбыл ауданының тұрғындары. Олар біздің ауданымызға арнайы келіп, өздері тіккен 250 бетпердені қарасайлықтарға тегін таратып берді. Бұған дейін олар Ұзынағашта да тегін маска таратқан.
Қайырымды жандар осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да бұл игі істі жалғасытара бермекші.