Қаскелең көшелерін су басып жатыр

Primary tabs

Нау 02, 2020 / 0 комментарии

 Бұл Қаскелең қаласындағы Асқаров көшесі. Бүгін тұрғындар бізді арнайы шақырды. Олар мына жолмен жүріп-тұру мүмкін емес деп шағым айтуда.

 

Халық арасында «Отарвановка» деп кеңінен танылып кеткен ықшам аудан тұрғындары жолдарын жөндеп беруді сұрап,  жергілікті әкімдіктің табалдырығын тоздырып келе жатқананына бірнеше жыл болыпты.  Ой-шұқыры көп, ал жауын-шашын болса су басып қалатын  бұл көшемен үлкендер де, балалар да жүруге қиналады екен.

 Ал мына үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Көршілердің айтуынша, оған денсаулығының нашар болуына байланысты медициналық көмек жиі қажет. Алайда, шақырған жедел жәрдем көлігі  діттеген мекенжайға жете алмай,  балшық пен суға батып қалады.

Таксистер де бұл көшеге кіруден бірден бас тартады. 

Аталған көшеде шамамен 50 үй бар.  Тұрғындар бұған дейін де бірнеше рет аудан және қала әкімдігіне көшені абаттандыру бойынша өтініш білдірген.  Әзірге шенеуніктер оларды тек  құрғақ уәдемен ғана шығарып салған. 

Асқаров көшесі тұрғындарының жанайқайы жергілікті билік назарына жетіп, өзекті болып тұрған жол проблемасы шешімін табады деп сенеміз.

Нұргүл Әлменбетова

Толық сюжетті  сілтеме арқылы көре аласыздар:

https://www.instagram.com/kaskelenkz/?hl=ru