Қасым-Жомарт Тоқаев «Хазірет Сұлтан» мешітінде қаңтар құрбандарын еске алды

Primary tabs

Ақп 13, 2022 / 0 комментарии

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар құрбандарын еске алды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Мемлекет басшысы «Хазірет Сұлтан» мешітінде қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды еске алу рәсіміне қатысты.

 

“Қайғылы оқиғадан бері 40 күн өтті. Мен мешітке қаза болғандардың рухына дұға бағыштау үшін келдім. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамын. Мемлекет сіздерді ешқашан қиындықпен жалғыз тастамайды”, - деп атап өтті президент.