Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған төрт жасөспірім үйқамаққа шығарылды
Primary tabs
Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған кәмелетке толмаған төрт жасөспірім үйқамаққа шығарылды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Полициядан шыға берісте жасөспірімдерді ата-аналарымен бірге Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Қасымхан Төлендиев, құқық қорғаушы Әсия Қалиева, белсенділер Нұрлан Қанатов пен Берікбол Уәлиханов күтіп алды.
Айта кетейік, олар тәртіпсіздіктерге қатыспаған, бірақ не болып жатқанын телефондарына түсіріп алған.
Кепілгер ретінде «Қоғамдық қабылдау» жобасының белсенділері және ата-аналары шықты.