Қағазбастылықтан құтылдық
Primary tabs
Өмірімізде қағазбастылықтың азайғаны қуантады. Бұрын мекемелер жеке-жеке анықтама сұрататын. Қазір керек еткен тарап ақпаратпен онлайн таныса алады. Әрине, сіздің рұқсатыңызбен.
Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі арқылы псих-нарко диспансерлерінен, жылжымайтын мүліктің немесе соттылықтың болуы/болмауы, зейнетақы жинақтарының жай-күйі, салық бойынша берешек және т.б. 21 анықтама қолжетімді.
Ол үшін сұратушы тарап:
1. Еgov.kz порталында авторизациядан өтеді;
2. Сервисті тауып, сіздің ЖСН-іңізді енгізеді;
3. Тізімнен анықтаманың қажетті түрін таңдап, сұрау жібереді.
Сұраным сіздің жеке кабинетіңізге келіп түседі, сондай-ақ телефоныңызға 1414-тен код жазылған смс-хабарлама келеді.
Осы екеуінің бірін пайдаланып, 2 сағат ішінде үшінші тұлғаның анықтама алуына келісім беріңіз немесе бас тарту қажет. 2 сағаттан кейін жіберілген жауап жарамсыз деп есептеледі.