ҚР ІІМ ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап 102 мобильді қосымшасын іске қосты
Primary tabs
Қызмет “Азаматтардың өтініштерін қабылдау процесінің бірізділігі” жобасының бір бөлігі болып табылады. Оның міндеті – полицияның халықтың сұранысына жауап беруін қамтамасыз ету. Әзірленген қосымшаның көмегімен елдің әрбір тұрғыны жасалған құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы ақпарат жолдап, оның жауапсыз қалмайтынына сенімді бола алады. Жүйе арқылы өтініш беруге, оператормен аудио немесе бейне қоңырау арқылы байланысуға, қызмет алуға, сондай-ақ шақыруға жіберілген полиция жасағының жүрген жерін бақылауға болады. Сондай-ақ, бірлескен кеңесте “SOS тетігі” таныстырылды. ІІМ бұл төтенше шақыру құрылғысын дамыған елдердің тәжірибесі бойынша көшелерде, қоғамдық орындарда, сондай-ақ жолдарда орнатуды ұсынады. Дабыл түймесін басу арқылы сіз құқық бұзушылық туралы хабарлама жібере аласыз немесе полициядан көмек сұрай аласыз.