Ұйғыр ауданының полицейлері жазадан жалтарып, бой тасалап жүрген қылмыскердің мекенжайын анықтап, құрықтады

Primary tabs

Нау 29, 2021 / 0 комментарии

Сот шешімімен 2020 жылғы қазан айында Ұйғыр ауданының 42 жастағы тұрғынына іздеу жарияланған. Оның мекенжайын анықтау және қамаққа алу бойынша жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында қылмыскер ұсталып, Ұйғыр АПБ жанындағы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды деп хабарлайды Kaskelen.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.1979 жылы туған азамат өзге біреуге қасақана ауыр дене жарақатын салғаны үшін сот органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-тармағына сәйкес 2018 жылы оған 3 жылға бас бостандығынан айыру түрінде шешім шығарған. Жазасын өтеу кезіндегі жақсы тәртібі үшін былтыр оның жазасының өтелмеген бөлігі шартты түрде өтеуге ауыстырылып, мерзімінен бұрын босатылған. Дегенмен, пробациялық бақылаудан жалтарған ол бой тасалап, қашып кеткен. Ұйғыр ауданының тәртіп сақшылары іздеу жарияланған тұрғынды табу мақсатында арнайы шаралар жүргізіп, оны Алакөл ауданының аумағында құрықтады. Оның осы уақытқа дейін нақты жұмысқа кірмей, полиция өкілдерінен бой тасалап, әртүрлі жұмыстаға жегіліп, күнелткені белгілі болды. Ұсталған адам қамаққа алынды. Сот шешімімен ол жазасының қалған мерзімін темір тордың арғы жағында өткізуі мүмкін.