10 айлық баласын аяусыз ұрған павлодарлық әйел көптің ашуын тудырды

Primary tabs

Мамыр 31, 2021 / 0 комментарии

Павлодарда 10 айлық баласын аяусыз ұрып жатқан келіншектің видеосы желіде тарап кетті. Бұл жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп жазады Kaskelen.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баласын ұрған әйелге қатысты соталды тергеу басталған. Сондай-ақ, ведомство қажетті сараптамалар жүргізілетіні атап өтті.

Полицияның баяндауынша, сәбиді медицина қызметкерлері тексерген. Қазіргі таңда оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 10 айлық бала ауруханаға жатқызылған.

"Тексере келе, павлодарлық әйелдің кәмелет жасына толмаған үш баласы бар екені анықталды. Ол үш баланы жалғыз бағып отырғанын жеткізді. Балаларының алды 14, 12 жаста, ал кенжесі 10 айлық", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видео желі қолданушыларының ашуына тиді. Олар түрлі пікірін жазған. 

"Қандай әйел? Барын бағаламайды. Ал біреулер бедеуліктен бала сүйе алмай жүр. Кішкентай періште..", "Видеоны көрмеймін, жазаласын!" , - дейді пікір қалдырушылар.