Қаскелеңдегі каратэ - Батыр бала спорт клубы

Primary tabs

Нау 29, 2018 / 0 комментарии

"Каратэ" жапон тілінен аударғанда "қарусыз қолмен" деген мағына береді. Яғни, қарусыз қорғанудың бір түрі. Рюкю топаралындағы Окинава аралдарында 15 ғасырда пайда болған. Сол кездегі князь Се Хайси (1470) қару ұстауға рұқсат бермеген. Ал жергілікті халық сырт жаудан қорғану мақсатында Каратэні өмірге әкелген. Ол кезде Окинава Жапониямен емес, Қытаймен көбірек байланыста болған. Сөйтіп, Каратэ Қытайдың кунг фу қарусыз күрес түрімен қатар дамыған. Қазір Каратэнің каратэ-до (олимпиялық спорт түрі), шотокан, киокушинкай-кан, ситро-рю, годзюрю, вадо-рю деген түрлері бар.

Каратэда адамның дене  дайындығы (күш, шапшаңдық, шыдамдылық, ептілік және т.б. ғана сынға түспейді сонымен қатар жақсы жетілген әдіс тәсіл, айла, спортшының бойындағы рух мықтылығы да сыналады. Оның бәсекелері екеуара спаринг-матч ретінде өтеді және мұндай жағдайда каратэ жекпе-жегінің көптеген әдістерін қолдануға рұқсат етілмейді. Жекпе-жек кезінде спортшылар бір-бірін жарақаттап алмас үшін к-энің кейбір әдістеріне қолдануға тыйым салынған.

Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының Қаскелең қаласындағы жаттығу залында болып, танысып қайттық.  Тренер Бекжан Батырбекұлы мен сұхбатамызды назарларыңызға ұсынамыз.

                                                                                                                                                         Жания КОШПАН