"7-20-25" бағдарламасы бойынша жәрмеңке өтеді
Primary tabs
Қарасай ауданының әкімдігі "7-20-25" бағдарламасы бойынша жәрмеңкеге қатысуға шақырады деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.
"Сіздерді "7-20-25"бағдарламасы бойынша жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз. Ол 2019 жылы 15 мамырда Талдықорған қаласы, 7-шағын ауданы, "Атамекен" көрме кешені мекен-жайында өтеді.
Жәрмеңкеге Алматы облысының құрылыс мекемелер өкілдері қатысып, келушілерге қолданыста бар тұрғын үй, "7-20-25"бағдарламасы арқылы сатып алу мүмкіндігі мен бағасы туралы толық ақпарат беретін болады. Сондай-ақ, қатысушыларға екінші деңгейлі банктердің өкілдері де кеңес береді.
Сіздерді жәрмеңкенің қатысушылары қатарында көруге үміттенеміз" деп жазылған хабарламада.