Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына тағы бір науқас жатқызылды
Primary tabs
Бүгін Алматы облысының Іле ауданында коронавируспен ауырған 1 адам тіркелді, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының Іле ауданында бүгін COVID-19 инфекциясымен ауырған тағы 1 адам тіркелді. Профилактикалық тексерілу кезінде 1988 жылы туған азаматтан КВИ анықталған.
Онымен 47 адам қарым-қатынас жасаған, олардың барлығы оқшауландырылды. Олардың 34-інің тексеру қорытындылары таза болып шықты, эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда.
Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды.
Бүгін күні Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 114-ке жетті, ал жазылып шыққандар – 10.