21 наурызда Алматы облысында коронавирус жұқтырған бірінші жағдай хабарланған болатын. 1986 жылғы ер адам 17 наурызда Стамбул - Бішкек рейсімен Қырғызстанға ұшып барған. Ертесінде көлікпен Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласына келген еді.
Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған екінші науқас та шетелден келген, - деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарасай ауданында тағы бір вирус жұқтырған адам анықталды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Алматы облысында коронавирус диагнозымен тағы 2 адам тіркелді. Олар Қарасай және Еңбекшіқазақ ауданында анықталды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысында «Whats app» әлеуметтік желісі арқылы 109 нөмеріне хабарласып «Nur Otan» партиясының кеңсесіне барып тіркеліп, азық түлік корзинасын алуға болатындығы туралы жалған ақпараттар таралуда. Балалардың құжаттары, жеке куәлігі болуы туралы мәліметтер шындыққа жанаспайтындығын хабарлаймыз. Сіздің телефоныңызға да осындай хабарлама келсе, жалған екендігін хабарлаймыз. Барлық мәліметтерді партияның call орталығы 88000804441 немесе https://nurotan.kz сайтына жазсаңыз болады.
Кәсіпкерлер "Алтын орда" базарынан азық-түлікті еш кедергісіз алып шығып жатыр, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
29 наурызда Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі "Алтын орда" базарына арнайы келіп, сауда орны аумағында журналистерге пресс-тур өткізді. Ондағы мақсат - халық арасындағы таяуда азық-түлік таусылатыны туралы қауесетті жойып, тауар бағасын негізсіз көтеріп отырғандардың жолын кесу.