Қарасайлықтар базарларда азық-түлік бағасы шамадан тыс қымбаттағанына шағым айтуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Бүгінгі таңда көтерме сауда орындарындағы адамдардың қарасы қалың. Дегенмен, көпшілік ең қажетті деген тауар түрлерінің, май, макарон өнімдерінің, картоп, сәбіз сияқты көкөніс өнімдерінің бағасы қымбаттағанына наразы. Ал, ұн мен қант тіптен қат бола бастаған.