Бүгін Қарасай ауданы әкімі Жандарбек Далабаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Оған Алматы облысы әкімі Амандық Баталов қатысып, жиналғандарға облыс көлемінде жасалып жатқан жұмыстар жайында қысқаша айтып берді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда қарасайлықтар үшін өзекті болып тұрған әйгілі «Алтын орда» базары маңындағы көпір мәселесін сөз етті.