«Санта-барбараға» инвестор табыла ма?

Главные вкладки

янв 13, 2020 / 0 комментарии

Еріктілер "Санта-барбара" сырғанақ алаңын дамытуды сұрайды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Шамалған ауылдық округінде орналасқан «Санта-барбара» сырғанақ алаңы бүгінде жалпы қарасайлықтардың шана тебетін ойын алаңына айналған. Алматы-Бішкек трассасының бойында жатқан ашық алаңқайда сейіл құратындардың қатары әсіресе, демалыс күндері өте қалың. Ол жерге кіру тегін, ал сырғанайтын рәзеңке баллондарды 500 теңгеге жалға алып, әбден жалыққанша жоғарыдан төменге жүйіткисіз. Отбасымен жиналып барғандар кәуәп жасап, тамақтанып та жатады. Дегенмен, мұнда демалушылардың қауіпсіздігіне айтарлықтай көңіл бөлінбейді. Сәтсіз құлап, аяқ-қолын мертіктіргендер де жоқ емес.

Таяуда еріктілер осы аймаққа инвесторлар тартып, келушілер үшін жағдайды жақсарта түскен жөн деген ұсыныс айтты. @kaskelenkz инста-парақшасына жарияланған пост желі қолданушылар арасында кеңінен талқыға түсіп, пікір екіге жарылды. Бірі – бұл жер осылай қала бергені дұрыс, бағасы қолжетімді десе, келесілер жоқ, қыста сырғанақ тепкен адамдар жазда атпен серуендесе, басқа да әткеншектер қойылса деген тілектерін білдірді.

Бұл мәселеге қатысты округ басшылығы немесе кәсіпкерлер тарапынан ешқандай жауап, пікір болған жоқ. Бір белгілісі сырғанақты жақсы көретіндердің «Санта-барбарасы» тұрған жер жекеменшік болып табылады. Ал, жер иесі болашақта мұнда қандай нысан салып, өзгертулер жасайтыны әлі бізге беймәлім.

https://www.instagram.com/p/B7ObJdADWtQ/?utm_source=ig_web_copy_link