Алматыда әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды
Главные вкладки
Алматыда мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Тінту кезінде олардан Калашников автоматы, оған арналған 158 патрон, 1 оқ және танкке қарсы қол гранатометіне арналған 3 снаряд, 2 граната, кесілген шолақ мылтық және электр пульті тәркіленді.
Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіру, тонау және ұрлық жасағаны үшін сотты болған.
Тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.