Алматыда әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды

Primary tabs

Ақп 10, 2022 / 0 комментарии

Алматыда мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Тінту кезінде олардан Калашников автоматы, оған арналған 158 патрон, 1 оқ және танкке қарсы қол гранатометіне арналған 3 снаряд, 2 граната, кесілген шолақ мылтық және электр пульті тәркіленді.

 

Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіру, тонау және ұрлық жасағаны үшін сотты болған.

 

Тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.