Алматы-Бішкек трассасының бойындағы жарық бағаналарына кім жауапты?

Главные вкладки

янв 07, 2020 / 0 комментарии

Қарасайлықтар Алматы-Бішкек республикалық трассасының бойында жол апаты көбейіп кеткеніне шағым  айтуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Оған бірден-бір себеп күре жолда тиісті белгілер мен жарықтандырудың жоқтығы деп есептейді жолаушылар.

Атап айтқанда, «19 шақырым» деген бөліктегі жарық бағандарының істен шыққаны жайлы жұрт сөз қозғағалы көп болған. Дәл осы аумақта автокөлік қақтығыстарынан бөлек жаяу жүргіншінің транспорт астына түсуі жиі орын алатын көрінеді.

Тура осындай проблема Тұрар ауылына апарар бұрылыста да бар. Бірнеше күн бұрын ғана бұл жерде егде жастағы азамат көлік астына түсіп қайтыс болған. Бірнеше елді мекенді байланыстыратын төрт жолдың торабында жаяу жүргіншілер өтетін жолақ та жоқ. Сол себепті трассаның арғы бетіне жүгіріп өтем деген жандар аяқ-асты ажал құшып жатқандығы көпшілікті қынжылтуда. Сондай-ақ, Әйтей ауылдық округіне қарасты ауылдарды мекендейтін тұрғындар кейде өздерін әкімдік назарынан тыс қалғандай сезінетінін жасырмады. Себебі, Үштерек, Тұрар ауылдары мен «Арай», «Дружба» саяжайларында жарық атаулы жоқ, жолдар жөнделмейді. Шалғайдағы халық қоғамдық көлікке, мектепке, дәрігерлік амбулаторияға мұқтаж.