БАҚ: Мәскеуде қазақстандық қыз 86-қабаттан құлап кетті

Главные вкладки

июн 12, 2021 / 0 комментарии

Мәскеудегі зәулім ғимараттың 86-қабатынан құлаған қазақстандық қыз қаза болды. Мәскеудегі тергеу комитеті қайғылы оқиғаға қатысты тергеуді бастады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Рен ТВ арнасына сілтеме жасап. 

БАҚ хабарлауынша, қыздың есімі Диана Белорукова.  Ол "Мәскеу-сити" кешенінің "Око" мұнарасының жан-жақты көруге арналған алаңынан құлаған. Келеңсіз жағдайдың себебін Мәскеу тергеу комитеті анықтайды.

Қайғылы оқиға 11 маусымда Мәскеу уақытымен 16:55-те болған. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ марқұм Қазақстан азаматы ма, жоқ па, ол да тексерілуде. Еске салсақ, 2018 жылдың сәуірінде Қазақстаннан барған 21 жастағы МХҚМИ студенті Томирис Байсафа оқу орны ғимаратының төртінші қабатынан құлап түсті. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды.

2021 жылы Мәскеу соты МХҚМИ студенті Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы Мұхтар Меджидовтың ұлын ақтап шықты. Ал марқұмның анасы үкіммен келіспейтінін айтып, апелляцияға беретінін мәлімдеді.