Жаңашамалған округі әкімдігінің қызметкеріне пара алғаны үшін айыппұл салынып, мемлекеттік қызметтен қуылды

Главные вкладки

июн 20, 2020 / 0 комментарии

Қарасай ауданына қарасты Жаңашамалған ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманына пара алғаны үшін айыппұл салынып, мемлекеттік қызметтен қуылды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат аталған Агенттіктің телеграм-каналында жарияланды.

"Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 09.06.2000 жылғы үкімімен аталған ауданның Жаңашамалған ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Б.Ж. Мутаиров "ИРЗ" ЖШС-нің жүргізушісі А.С. Селимхановтан төтенше жағдай кезінде блок-бекеттер арқылы кедергісіз жүру үшін аудандық әкімдіктің дерекқорына рұқсат беру және енгізу үшін 20 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алғаны үшін 500 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды" делінген хабарламада.

Жоғарыда көрсетілген лауазымды тұлға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ арнаулы және әскери атақтардан өмір бойына айырылады.

Нұргүл Әлменбетова