Пиротехника өмірге қауіпті

Главные вкладки

дек 26, 2018 / 0 комментарии

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Көпшілік сыйлық әзірлеп, қызу дайындық үстінде. Ал балалар болса, әдеттегідей пиротехникаға құмар. Алайда, жарылғыш заттардың адам өміріне қауіпті екенін көбі естен шығарады.

Осыған байланысты мейрам қарсаңында Қарасай АІІБ мен ТЖД өртке қарсы қызмет бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, пиротехникалық  тауарларды заңсыз әкелу, сақтау, сату және пайдалану фактілерін анықтау және жолын  кесу мақсатында  «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізіп жатыр. Бұл туралы kaskelenkz тілшісі хабарлады.

Өткен жылдармен салыстарғанда, биыл пиротехникалық тауарды заңсыз саудалғандардың қатары анағұрлым азайған. Дегенмен мұндай фактілер әлі де тіркелуде. Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Ерлан Қалдыбайұлының айтуынша, рейд барысында ауданымызға қарасты Шамалған бекетінде отшашуларды заңзыз саудаға салған бір саудагер анықталып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  Яғни ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 196-бабына сәйкес 25 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Әзірге аудан бойынша отшашудан зардап шеккендер жоқ. Сол үшін қазір полиция қызметкерлері халық арасында отшашудың қаншалықты қауіпті екендігін  түсіндіріп жатыр. Ал желтоқсанның он тоғызында басталған  жедел алдын алу шарасы қаңтардың үшіне дейін жалғасатын болады.