Қаскелеңде COVID-19 жұқпасына сынаманы қайда тапсыруға болады?

Главные вкладки

июн 26, 2020 / 0 комментарии

Kaskelenkz редакциясына "COVID-19 жұқпасына сынаманы қайда тапсыруға болады?" деген сұрақтар көптеп келеді.

Осы ретте біз Қарасай аудандық орталық ауруханасына сауал жолдаған болатынбыз. 

Аурухана әкімшілігі берген мәлімет бойынша қарасайлықтар Қаскелең қаласы, Жанғозин көшесі, 14 үй мекенжайы, Қарасай аудандық орталық ауруханасында эпидемиологиялық көрсетілім бойынша аймақтық дәрігердің жолдамасымен COVID-19 жұқпасына ПЦР сынамасын тапсыра алады.