Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарды жаңғыртты

Главные вкладки

июн 17, 2019 / 0 комментарии

Таяуда Қарасай ауданында орналасқан «Khama park» мейрам­ханасында, арнайы кәсіби орта білім беретін оқу орындарының білімгерлері арасында, «Ұлттық тағамдарды жаңғырту – 2019» атты республикалық аспазшылар байқауы өтті.

Шараны Алматы қалалық білім басқармасы, ту­ризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі мен аталмыш мейрамхана әкімшілігі ұйымдастырды. Байқау барысында Нұр-Сұлтан, Алматы және Талғар қалаларынан арнайы келген аспаздар өнерлерін ортаға салып, бүгінде ұмыт болып бара жатқан ас түрлерін даярлап, олар жайлы мағлұмат берді. Аталмыш байқаудың мақсаты – қазақтың ұлттық асханасына, мәдениетіне, салт-дәстүріне қызығушылықты ояту, қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен ұштасып жатқан тағам түрлерін насихаттау, дәріптеу, таныту, ұлттық асхананың алуандылығын көрсету, дейді ұйымдастырушылар.

Үміткерлердің еңбегіне «Khama park»мей­рамхана кешенінің директоры Серікхан Әділханов бастаған бір топ ма­мандардан құрылған қазылар алқасы баға берді. «Шай дастарханы» деп атала­тын бірінші кезеңде болашақ аспазшы­лар өздерінің стилінде шайға арнап тәтті тағамдар дайындады. Екінші айналымда алты порциядан тұратын ыстық тамақтар мен тіскебасарлар жасады. 

Нәтижесінде, бас жүлде – Гран-приді астаналық қоғамдық тамақтану мен сервистік қызмет көрсету колледжінің студенттері қанжығаларына байлады.

Ал, бірінші орынды Талғар қаласының политехникалық колледжі, екінші орынды туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі, үшінші орынды Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжі қанағат тұтты. 

Барлық жүлдегерлер Серікхан Сәметұлының атынан Алғыс хат, мадақтамалармен және медальдар­мен марапатталып, бағалы сыйлықтарға да ие болды.