Тағамнан уланбау үшін...
Главные вкладки
Тағам дайындау технологиясын бұзу – тамақтан улануға және жіті ішек жұқпаларының пайла болуына әкеледі. Сонымен қатар, бұл жұқпаны жұқтыру факторларының бірі - бей-берекет сауда орындарында сатылатын азық-түліктер, кірленген көкөністер, жеміс-жидектер болып табылады. Сол себепті, Қарасай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аурудың алдын-алу үшін қарапайым ережелерді сақтауды ескертеді. Олар:
- бей-берекет сауда орындарыннан азық-түліктерді сатып алмау керек;
- бөтелкедегі немесе сапасы кепілдендірілген суды, қайнатылған суды ауыз су ретінде пайдалану қажет;
- шикі азық-түліктермен дайын тағамдарды жеке сақтау маңызды, әсіресе тез бұзылатын тағамдарды. Сондай-ақ үй жағдайында ас дайындау барысында жеке гигиеналық ережелерді сақталынуын қадағалау қажет;
- өткен күннен қалған ас қалдықтарын жаңадан дайындалған аспен араластырмаған жөн, дайындалған ас келесі күнге қалған жағдайда жеу алдында қайнату немесе қуыру қажет;
- сақтау мерзімі аяқталған соң және сапасына күмән келтірсеңіз, азық-түлік пен шырындарды пайдаланбаған жөн;
- кез келген азық-түлікті сауда желісінде сатып алу барысында оның қауіпсіздігін және сапасын растайтын құжаттарды тұтынушы сатушыдан сұрауға құқығы бар;
- Тамақты әзірлеу алдында және оны жеу алдында қолдарды міндетті түрде сабынмен жуу;
- Крем қосылған торттарды тоңазытқышта сақтау қажет және де олардың тез бұзылатын азық-түлік екендігін ескеру.
Осы талаптарды сақтау арқылы өздеріңізді жіті ішек жұқпаларын жұқтырмауға көмек бере аласыз. Аурушаңдықтың белгілері пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгіну қажет!
С.Усербаева, бас маман.