Ұшақ апатынан қаза тапқандар қатарында қарасайлық та бар

Главные вкладки

дек 29, 2019 / 0 комментарии

 

Ұшақ апатында қайтыс болғандар қатарында Қарасай ауданының тұрғыны да болған, деп хабарлайды Kaskelenkz. 

Қарасай ауданына қарасты Абай ауылының тұрғыны Карибаева Базархан Қапарқызы да сол рейспен астанаға аттанбақшы болған.  Алайда, сол күйі жете алмаған... 

Таныстарының айтуынша, ол Нұр-Сұлтан қаласына қызына, немерелерімен бірге жаңа жылды қарсы алу үшін бара жатқан екен.

Ол көп жылдар бойы ауданымыздың білім беру саласында қызмет еткен, 2000-шы жылдары Ғабдуллин атындағы орта мектепті басқарған білікті басшы,  ардақты ұстаз. 

 

Kaskelenkz ұжымы ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады...