Мүгедектерге кресло-арбалар беру
Главные вкладки
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.
ХҚО арқылы:
ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.
Мобильді топты шақырту арқылы:
"1414" бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.
Сізге қажетті құжаттар:
Жеке басыңыздың куәлігі;
Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
Мүгедектігі жайлы куәлік;
Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.
Қызмет көрсету уақыты:
Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.
Қызмет нәтижесі:
Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.
Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.