Болат Назарбаев Мақтарааралға 200 миллион теңге аударды

Primary tabs

May 06, 2020 / 0 comments

Қарасай ауданының тумасы, меценат Болат Назарбаев Мақтааралда су астында қалып, зардап шеккендерге қол ұшын созып жатыр. 

Ол өзінің  "Салиқалы ұрпақ " қоры атынан су басқан ауылды қайта қалыпқа келтіру жұмыстары үшін 200 млн теңге аударды.

Сондай-ақ,барынан айырылған халықты азық-түлікпен қамтамасыз етті. Осылайшы  20 тонналық гуманитарлық көмек  Атакенттің арнайы қоймасына жеткізіліп,үй-күйсіз,тамақ-киімсіз отырған жұртшылыққа таратылып жатыр.

Болат Әбішұлы 20 отбасына Шымкент қаласынан үй салып беретінін де айтты.

Айта кетейік,  " Салиқалы Ұрпақ " қоғамдық қоры  2016 жылдан бері тұрмысы төмен отбасыларға көмектесу мақсатында өз жұмысын жалғастырып келеді. 

(Ақпарат журналист Гүлмира Нәлібайдың Фейсбук парақшасынан алынды)