Орталық алаңдағы Қарасай батыр ескерткіші қайда?

Primary tabs

Aug 03, 2019 / 0 comments

Биыл ауданымыздың 90 жылдығына орай ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. Оның ішінде, аудан әкімі Жандарбек Ермекұлының бастамасымен орталық алаңдағы Қарасай батыр бабамызға арналған ескерткішті жаңғырту да бар. Бұл мақсаттағы жұмыстар басталып та кетті. Таяуда аудандық әкімдік жанындағы батырдың тасқа қашалған мүсіні алынды. Алдымен баба рухына құран бағышталып, құрбандыққа қой шалынды. Көне ескерткіш Шамалған ауылындағы Қарасай батыр атындағы мектептің ауласына орнатылды.