Қаскелең қаласындағы орталық «Жер ана» базарының маңындағы заңсыз сауда көпшілікің наразылығын туғыза бастағаны белгілі. Себебі, жұртшылық жаяу жүргіншілер жолына жайғасқан олардың әрлі-берлі қатынасқа кедергі келтіретінін айтып, шағымдануда.
Жетісулықтар да арыс халқына жәрдем беруде. Амандық Баталовтың тапсырмасымен, өңірден жиналған алғашқы гуманитарлық көмектің 8 жүк машинасынан құралған арнайы керуен Түркістан облысына аттанды.
Бүгін Шамаған ауылында әмбебап спорт кешені ашылды. Ашылу салтанатына Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатысты, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.