Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, біраз іс қолға алынып жатқандығын бұған дейін де айтқан болатынбыз. Әсіресе, Қаскелең қаласына көп көңіл бөлініп, жан-жақты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін солардың біразына шолу жасап көруді жөн санадық.
Адамның басты байлығы – денсаулық. Себебі, өзін жайлы сезінбеген, қандайда бір сырқат мазалаған адам еңсесін тіктеп, көңілін көтере алмайды. Керісінше, уайымға беріліп, барлық маңызды мақсат-міндеттерін кейінге қалдырады. Сол үшін ауруды емдегенше, ауырмайтын жол іздеген абзал.
Сәрсенбі күні Қарасай ауданында электродабыл іске қосылады, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Бұл туралы аудандық әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.
Таяуда Қарасай ауданында орналасқан «Khama park» мейрамханасында, арнайы кәсіби орта білім беретін оқу орындарының білімгерлері арасында, «Ұлттық тағамдарды жаңғырту – 2019» атты республикалық аспазшылар байқауы өтті.
Қаскелең қаласының кей көшелерінде үш күн газ болмайды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Бұл туралы «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ мәлімдеді. Хабарламаға сәкес, аудан орталығының кейбір көшелерінде 14 -16 маусым аралығында табиғи газ беру тоқтатылады. Себебі, жер астындағы газ құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қаскелең қаласына қарасты «Южный» ықшам ауданы, 21 квартал тұрғындары бүгінде әрлі-берлі емін-еркін қатынаудан қалған. Тіпті, енді оларға жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер де келе алмайды. Себебі, оларға барар жол жекенің меншігіне сатылып кеткен.