Елбасының жарлығына сәйкес, қазіргі уақытта барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беруде. Бүгін Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев тұрғындармен дәл осындай есепті жиындарын Шамалған ауылдық округінен бастады. Елбасының туған өлкесіндегі қазақ орта мектебінде өткен есепті кездесуге халық көп жиналды.