Қапшағайда ұйымдастырылмаған демалысқа уақытша тыйым салынды
Главные вкладки
Алматылықтардың ең танымал демалыс орындарының бірі Қапшағай жағалауы бетон блоктармен жабылды. Бұл туралы Қапшағай қаласында, демалғысы келген туристердің бірі Facebook желісінде жазды.
Ирина Федосееваның айтуынша, ол жағалаудың жабылғанын 29 шілдеде көрген.
"Жағалаудағы жолдарда полиция бекеттері мен бетон блоктар бар. Қалалық жағажайлар мен аллеяларға баратын мүмкіндік жоқ. Мұны карантиннің күшеюіне байланысты деп отыр. Қаладағы дәмханалар мен демалыс орындары жағалауда бос. Қаланың бүкіл жағалауында сондай жағдай. Жеке базаларға қатысты жағдайды білмеймін", - дейді ол.
Kaztengritravel.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Қапшағай қаласының бас санитариялық дәрігеріне жүгінді. Лариса Ролдугина Алматы облысының санитариялық дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес қалалық және ауылдық жағажайлар жұмыс істемейтінін растады.
"Халық көп жиналмауы үшін ауылдық және қалалық жағажайлар жабылды. Алайда Қапшағайдағы демалыс базалары Ashyq қосымшасы арқылы 50 пайыз толтырумен жұмыс істейді. Бұл жерде әрбір кәсіпкер санитарлық ережелердің сақталуына өзі жауапты болады және мониторинг топтар тексерген жағдайда жауап беретін нақты тұлғалар болады. Кәсіпкерлерге тиесілі емес қалалық және ауылдық жағажайлар бар. Тиісінше, бұл жерлерде адамдардың кластерін реттеу, қашықтықты сақтау мүмкін емес. Сондықтан олар жабылды.
Қаулыға сәйкес демалыс базалары 50 пайыз толтырумен жұмыс істейді. Уақыт шектеуі жоқ - демалыс немесе жұмыс күндері. Егер базаның құрамына жағажай кірсе, онда адамдар сол жерде демала алады. Егер бассейн болса, олар оны пайдалана алады. Егер адамдар жабық жағажайға баратын болса, онда бұл - олардың жауапкершілігі", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, Лариса Ролдугина стационарда 80-нен астам адам жатқанын және Қапшағай тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қабылданған қажет шаралар екенін түсіндірді.