Қарасай ауданында ірі жылыжай кешені ашылды
Главные вкладки
Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылдық округінің Қаратөбе елді мекенінде «Eurasian Green Product» ЖШС-і өндірістік жылыжай кешенін іске қосты деп хабарлайды Kaskelen.kz.
Кешеннің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев шараға жиналған қауымды негізінен экспорттық бағытта жұмыс жасайтын ауқымды жылыжайдың іске қосылуымен құттықтап, өңір басшысы Амандық Баталовтың сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізді. Жылына 3.5 мың тонна қызанақ өндіретін кешенге «Бизнесті қолдау» жол картасы бағдарламасы аясында облыс тарапынан қолдау көрсетіліп, кешеннің инфрақұрылымын қалыптастыруға 330 млн. теңге жұмсалған екен. Жаңадан 100 жұмыс орны ашылып, аудан бюджетіне жылына 100 млн. теңге төлем түседі деп көзделуде.
Алдағы уақытта осы кешеннің жанынан тағы 5 гектар алқапқа қияр өсіретін жылыжай тұрғызу жоспары бар екен.
Кешен жылына 3 407 тонна қызанақ өсіреді, Голландияның ең соңғы технологиясы бойынша салынған. Осы арқылы Алматы облысы мен қаласын аса сапалы қызанақпен қамтамасыз етіп, Ресейге экспортқа шығару жүзеге асырылуда. Үшінші кезеңге арналған жоспар бойынша осы жерден көкөніс пен жеміс сақтау қоймасы салынады деп күтілуде.